Лай көшкіннің салдарынан он адам мерт болды
Рио-де-Жанейро қаласы маңындағы Нитерой кентінде лай көшкіннің салдарынан он адам қаза тапты.
Төрт адам із-түссіз жоғалды. Тоғыз үй мен дәмхана қираған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар үйінді астында қалғандарды іздеп жүр. Қайғылы оқиға 11 қараша күні таңғы сағат 04.00-дің шамасында болған. Бразилия астанасында соңғы бірнеше күн жауған нөсер жаңбыр лай көшкіннің жүруіне себепші болған. Қазіргі кезде он бір адам, соның ішінде бір нәресте құтқарылды.
«Мен немеремді құтқардым. Қызым, екі немерем, екі танысым ауруханада жатыр. Тоғыз айлық немерем де сонда», — деді табиғат апатынан зардап шеккен бразилиялық.
Лай көшкін — Рио-де-Жайнерода жиі болады. Соған қарамастан, адамдар рұқсат етілмеген жерлерде, тау беткейлеріне үй салады. 2011 жылы елде су тасқыны мен лай көшкін салдарынан 900-ге жуық адам қаза болды.
Дереккөз: ҚазАқпарат