Lada ма, әлде Toyota ма

0

Төрт ай ішінде республика халқы 19 мыңдай жаңа көлік сатып алған

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Қазақстандықтар арасында ең көп таралған үш көлік — Lada, Toyota және Hyundai, деп хабарлады EnergyProm.

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 18,8 мың жаңа жеңіл көлік сатылды. Сату бойынша ең ірі дилерлік топтар – «БИПЭК АВТО» мен Astana Motors, олар көлік саудасының 59,9%-ін қамтып отыр.

Көлікті ең көп сатып алатын үш қала: Алматы (5,1 мың), Нұр-Сұлтан (3,7 мың) және Атырау (1,3 мың).

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ең жоғары және ең төмен жалақы қанша?

Жалпы айтқанда, Қазақстанда көлік сатып алу деңгейі бір жыл ішінде 20,5%-ке өсті.

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында көп сатылған көлік түрлері: LADA — 4,7 мың; екінші орында Toyota — 4,1 мың, үшінші орында Huyndai — 3,5 мың.

Бұлардың ішінде LADA мен Hyundai республикада құрастырылған көліктер арасында көш бастап келеді: 4,7 мың және 3,4 мың. Үшінші орында KIA — 1,2 мың.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы ең бай бес адам



sputniknews.kz