Күзетшілер сарымсақ ұрладың деп ұрының басын кесіп алып, денесін өртеп жіберген

0

Қостанай қаласының мамандандырылған ауданаралық соты сарымсақ ұрлығына байланысты адам өліміне алып келген жаға ұстатарлық іс бойынша үкім шығарды, деп жазады kznews.kz сайты sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот алдында «Краснопартизанское» бау – бақшашылар серіктестігі тұтыну кооперативінің екі күзетшісі-35 жастағы В. Д. және 36 жастағы А. М. азаматтары айыпты болды.

2021 жылдың 5 қыркүйегінде сол уақытта мас күйде болған күзетшілерге жазғы тұрғындардың бірі алты бас сарымсақтың жоғалғанын айтып, шағымданады. Ал күдікті болып басқа жердің иесі саналады.

Мәселенің ақ қарасын ажырату барысында күзетшілер ұрлық жасады деген күдіктіні өлтіріп қояды. Қылмыстың ізін жасыру үшін күзетшілер марқұмның басын кесіп, өртеп жібереді, ал денесін күзет үйінің аумағына көмеді, алайда екі күннен кейін олар мүрдені қайта қазып алып, Тобылға апарып, қамыс арасына батырып жібереді.

Сот 35 жастағы күзетшіні арты өлімге алып келген денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздік колониясына жазасын өтеу үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырады.

Сотталушы 1 млн 377 мың 316 теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Азамат В.Д. -ға үкім шығару кезінде сот кінәні толық мойындау және жасаған ісіне өкіну секілді жеңілдетілген жағдайларды ескеріп, екінші сотталушыны екі жылға бас бостандығынан айыру және көлік құралын жүргізуге өмір бойы тыйым салу жазасына кесті. Сотталушы жазасын ең жоғары қауіпсіздік колониясында өтейді — бұл оның бұрын сотталғанына байланысты.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.