Кувейт билігі Достоевскийдің романын оқуға тыйым салды

0
17 Қараша 2018, 15:26 457 0

Астана, BAQ.KZ. Кувейт билігі ресейлік және әлемдік әдебиеттің классигі Федор Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романын тыйым салынған әдебиеттер тізіліміне енгізді.

Британдық Guardian басылымының хабарлауынша, тыйым салудың себебі әлі нақтыланбаған, деп жазады Islam-today.

Бұған дейін Кувейт билігі соңғы бес жылда төрт мың туындыға, оның ішінде әлемдік әдебиет қазынасы болып саналатын туындыларға тыйым салған болатын. Олардың арасында – Виктор Гюгоның кітабы мен Габриель Гарсия Маркестің «Жүз жыл жалғыздық» секілді туындылары бар.

Тыйым салынған әдебиеттер тізімін, Кувейт ақпарат министрлігі жанындағы арнайы комитет жасайды. Олардың айтуынша, мұндай тізімге исламды қорлайтын, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және тәртіпсіздікке немесе моральдік әрекеттерге итермелейтін шығармалар мен журналистік материалдар жатады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз