Күріш пісіру сырлары

0

Күріш — көптеген тағамдарда қолданылатын, дәмді, сонымен қатар пайдалы жарма түрі. Палау, ризотто, тіпті қарапайым піскен күріш те керемет тағам бола алады. Күрішті бар қасиеттері мен дәмін сақтай отырып қалай пісіру керек?

Оны қабырғалары қалың ыдыста пісірген дұрыс. Қазан, табалардың арасынан ең қалыңын таңдаңыз. Күрішті алдын ала тазалап, жуып, тіпті суға 15 минутқа бұқтырып қоюға болады.

Күрішті пісіргенде оның суы күріштің өзінен екі есе көп болуы керек. Күрішті пісіру барысында қайта-қайта араластыра бермеңіз. Оның дәндері сынғыш болғандықтан, пішінін өзгертуі мүмкін. 1-2 рет араластырсаңыз жеткілікті.

Күріштің пісу уақыты оның түріне байланысты. Қарапайым ұзын және қысқа ақ күріш 20 минут, қоңыр күріш 50 минутта піседі.

Күрішті пісіргенде қатты тұздамаңыз. Ол суды қатты сіңіреді, сонымен бірге тұзды алып, тым тұзды болуы мүмкін. Басында суды сәл тұздап, артынан піскен кезде тағы тұздасаңыз болады.

Пісіру кезінде судың бетіне көбік шықса, оны тездетіп алып тастаңыз, себебі оның құрамында денсаулыққа зиян қосылыстар болады. Күрішке май қосып пісірсеңіз болады, сонда ол сәл майлы болып, тым ылғал болмайды.

Тым ылғалға емес, құрғақ күрішті сүйсініп жесеңіз, күріш піскеннен кейін қалған суын төгіп, күріштің бетін орамалмен жабыңыз. Ол бумен шығатын артық ылғалды өзіне сіңіріп алады.

Дереккөз: http://reactor.inform.kz