Курьер қызметін пайдаланған 72 отбасы карантинге жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Үндістанның Дели қаласында коронавирустың жаңа түрін жұқтырған пиццаны жеткізетін ер адаммен байланысқа түскен 72 отбасы карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аты-жөні көрсетілмеген курьер ауруханада жатыр. 14 сәуір күні оның коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтижені көрсеткен. Енді науқаспен қарым-қатынаста болған барлық адамдар, оның ішінде 16 әріптесі, клиенттері мен туыстары карантинге жіберілді.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, осы желінің барлық жеткізушілері санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс уақытында қала бойынша медициналық бетперде киген. Олар карантин — бұл қалыпты сақтық шарасы екенін атап өтті және азаматтарды үрейленбеуге шақырды.

 

stan.kz