«Күніне 60 мәйіт шығарады»: Ақтөбеде хабарлама таратқан адам іздестіріліп жатыр
Ақтөбе облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов WhatsApp жаңалықтар парағына түсініктеме беріп, Ақтөбеде туберкулезге қарсы диспансерде күніне 50-60 пациент өледі деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерді бақылау барысында WhatsApp мессенджерінде күн сайын туберкулез ауруханасынан шығарылатын 50-60 мәйіт туралы ақпарат тарататындығы анықталды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Хабарламаның авторын анықтау үшін шаралар қабылдануда», — деді Нұрмағамбетов.
Жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық кодекстің «274-бабы» «Көрінеу жалған ақпаратты тарату» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.