Күнделікті тамақтан кейін ер адам комаға түсіп, сал болып қалды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Ағзаның улану кезінде болатын мұндай белгілері өте сирек кездеседі екен. Науқастың иммундық жүйесі жұлынын зақымдаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Англияның Брайтон қаласының тұрғыны дұрыс пісірілмеген тауық етін жеп, комаға түсті. Ер адам сал болып қалды, деп хабарлайды The Sun басылымы.

39 жастағы Ричард Джексон тауықтан уланып қалған. Ер адамды шұғыл ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлер оған не болғанын бірден түсіне алмапты. Алайда тез арада көмек көрсеткен. Джексон жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер науқасты он күнге жасанды комаға түсірді. Уланудың мұндай салдары өте сирек кездеседі екен. Науқастың иммундық жүйесі жұлынын зақымдаған. Ол мойнынан төмен сал болып қалды.

Тағы оқыңыз: Шымкенттегі трагедия: мамандар бұған дейін айтылған болжамды жоққа шығарды

Ер адам комадан шыққан кезде аяқ-қолын қозғалта алмаған. Ауруханадан кейін екі ай бойы оңалту орталығында болды. Тамақ ішіп, мүгедек арбасына өзі отыра бастаған.  Ол қазір ми толқындарын басқаратын роботтандырылған костюмнің арқасында өзі жүре алады.

Енді ем алуын жалғастыруға ақша жинап жатыр.



sputniknews.kz