Күн туралы қызықты 17 мәлімет — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Көк аспандағы бәріне таныс сары шарға қарап, оның шынымен де не екені туралы сирек ойланамыз. Күн – аспандағы сары «шам» емес, бұл галактика арқылы керемет жылдамдықпен зымырайтын ыстық плазманың адам айтқысыз үлкен шары, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сонымен, күн туралы көпшілігі біле бермейтін таңғажайып деректерге тоқталсақ.
1. Күн ең алдымен гелия мен сутегінен тұрады, және оның беті қатты емес.
2. Күн өз өсінің айналасында айналады, және де экватордағы жұлдызды заттардың қабаттары полярлық аймақтардағы қабаттарға қарағанда үштен бір есе жылдам айналады.
3. Аспан әлеміндегі басқа да жұлдыздар секілді, күннің де өз атмосферасы болады. Оның үстіңгі шегі Плутон орбитасынан да алысқа кетеді.
4. Күн массасы біз ойлағаннан да көп. Ол Күн жүйесінің бүкіл массасының шамамен 99,86 -%-ын құрайды.
5. Күннің ықпалдасуы Жердің ықпалдасу дәрежесінен 28 есеге асып кетеді.
6. Күннің жарығы Күннен Жерге дейін 8 минутта түседі.
7. Күн ядросының температурасы шамамен 15 миллион градусты құрайды. Ал оның бетіндегі температура шамамен 5 жарым мың градусқа жетеді.
8. Күннің болжалды жасы — 4,6 миллиард жыл. Сондай-ақ, Күн әлі 4-5 миллиард жыл өмір сүреді.
9. Күннің магниттік өрісі Жердің магнит өрісінен екі есеге ғана күшті.
10. Таңғаларлығы, Жерге қарағанда Күнде су көп. Бу тәріздес су молекулалары негізінен «күн көзіндегі дақта» және тар қабатта жұлдыздың бетіне шоғырланған.
11. Күн сәулесі онымен бірге жүретін радиацияға байланысты өте қауіпті, одан бөлінген зиянды сәуле адамды өлтіріп жібереді. Бірақ Жердің атмосферасы оны бұғаттайды.
12. Ватикан бұған дейін Жер Күнді айналады деген ақиқатты жоққа шығарып келген болатын. Тек, беріде 1992 жылы ғана Жердің шынымен де күннің айналасында айналатынын ашық түрде мойындады.
13. Жер Күннің айналасында айналғандай, Күн де Құс жолының орталығында айналады. Галактика орталығының айналасындағы Күннің айналу кезеңі шамамен 240 миллион жылды құрайды.
14. Күннен секундына 450 шақырым жылдамдықпен Күн желі таралады.
15. Күн әрбір секунд сайын жеті жүз миллион тоннаға жуық өз затын күйдіреді.
16. Шамамен бір миллиард және жүз миллион жыл өткеннен кейін күннің жарықтығы он пайызға артады, бұл бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің жоғалуына әкеледі.
17. Күн қызыл гигантқа айналғанда, ол Меркурийді және, мүмкін, Венера, Жер және Марсты жұтып қояды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz