«Күн сайын ең лайықты жандардың жалғыздығына таң қаласың…»
«Күн сайын ең лайықты жандардың жалғыздығына таң қаласың…»
Неге жалғыздық ең мықтыларды, яки олар неге жалғыздықты таңдайтыны туралы өмірлік түйін.
«Күнделікті әр түрлі адамдармен араласып жүріп, солардың арасындағы ең лайықты жандардың жалғыз екендігіне таң қаласың. Олардың харизмасы ерекше. Өте сымбатты. Талдауға бейілді санасы бар. Тәрбиесі өте жоғары. Солардың бәрінің астарында өмірге деген құштарлық жатыр. Сол құштарлықта білінер-білінбес қоңыр мұң қылаң береді.
Олар «өз» адамын іздейді: сөйлесу үшін, бір болу үшін, жақсы демалу үшін, махаббат үшін, отбасы құру үшін.
Олар жиі қателеседі, қаттырақ қайғырады, араласуға сирек пейіл танытады, сәтсіздігін ауыр өткереді. Бірақ қарым-қатынасқа түскенде барын береді, сол үшін жүрегін өртейді, сосын сол оттан қалған күлден қайта түлейді, бұрынғысынан да мықты, бұрынғысынан да асқақ бола түседі.
Содан соң бәрін қайтадан басынан бастайды…
Оларға бүгінгі заманның стереотиптері жат. Оларға өзгенің пікірін жамау мүмкін емес. Ол әйел, не еркек болса да дәл өзіндей жанды іздейді. Жанын жылытатын, көңілін жайландыратын ерекше адамды іздейді.
«Жайлану» дауласуды жоққа шығару емес, адреналинсіз, мүлде көңіл-күйді сездірмеу емес-ті. Бұл «жайлану» қасындағы жан ешқашан сатып кетпейді деген сенім. Сен мүлтіксіз сенетін, оның адалдығына 200% сенім артатын нүкте.
Ең мықты дегендердің өзі де оларды біреу сүйеді деген сенімнен қанаттанады…»
Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан