Күн бетінде үш жылдан бері байқалмаған жарқыл пайда болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Күннің бетінде үш жылдан бері алғаш рет жарқыл пайда болды. Ғалымдар бұл дегеніміз аспан денесінің жаңа өмірлік циклге өтуін білдіретінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

күн

Бұл туралы NASA  мәлім етті. 

29 мамыр күні астрономдар Жерге ең жақын жұлдыз бетінде сәуленің пайда болғанын байқаған. Бұл 2017  жылдан бері алғаш рет орын алған. Қазіргі таңда зерттеушілер бұл жарқылдар көбейіп жатыр ма, әлде керісінше азайып жатқанын анықтауда. 

11 жылдық өмірлік цикл барысында күннің белсенділігі артып, қайта азайып тұрады екен. аспан денсінің бетіндегі жарқылдар саны да осылай ауысатын көрінеді. Осылайша ғалымдар Күннің жаңа циклге көшуін анықтамақшы екен. Егер олардың болжамдары расталса, Күн 25-ші өмірлік циклын бастайды екен. 

Астрономдар Күнді жарты жылға дейін бақыламақшы. 

Айта кетерлік жайт, Күн бетіндегі мұндай жарқылдардың пайда болуы Жер ғаламшарының тұрғындары үшін қауіпті емес, себебі біздің планета атмосферамен қорғалған. Бұған қоса аспан бетіндегі өзгерістердің ауқымдылығы әлсіз болған. Бұл Жердің геомагниттік кеңістігіне әсер ету ге жетпейді дейді мамандар. Десек те осыған ұқсас құбылыстар GPS пен байланыс жүйелеріне кері ықпал ете алады екен. 

 

stan.kz