«Күлтегін» бала тілінде сөйледі

0

Көшпенді халықтардың басын біріктіріп, дәстүрін жалғас­тырған түр­кі қағанатының даңқ­ты әскери қол­басшысы Күл­тегіннің жастық шағына құ­рылған, тарихи салмағы мың батпан мультфильмді бе­сіктен белі шықпаған ба­лаға қалайша «жеңіл» етіп жет­кізуге болады? Мың сан суретпен сәй­кестендіре отырып, төрт аяғын тең басып, тайпалып тұрған жатық тіл тауып, кейіпкер сөзін жүрекке байлап беретін дауысты орайластыра сюжет құру режиссерлерге оңайға соқпасы анық. Әрине бала танымында сурет пен дыбыстың орны ерекше, мультфильмдегі қиялды сам­ғататын әдемі суретке, тебі­рентетін сазды дауысқа оның ере­сектер секілді елігіп, елітіп қарайтынын байқау қиын емес. Әзірге көргені мен естігеніне ғана сенетін кішкентай кө­рермен­нің жү­регін бірден баурап алатын, се­німі мен сезімін билейтін дауыс­ты мең­ге­руге кез келген әртістің шебер­лігі жете бермейді де. Санасы қа­лып­­тас­паған балдырғандар жа­ғымды-жа­ғымсыз кейіпкер­лерді ең алдымен дауыс арқы­лы ажыратады. 

Еліміздің барлық кинотеа­трын­да 22  қарашадан  бас­тап  прокатқа  шығатын толық­ме­­тражды анимациялық «Күл­тегін» мультфильміндегі не­гізгі ке­йіп­­­­­­керлерді еліміздің бел­гілі театр және кино ак­тер­­лері дыбыстаған. Қа­­­зақ­стан­ның халық әртісі Нү­кетай Мыш­баева, Мерей Әжі­беков, Динара Әбікеева жә­не Филипп Волошиндер қа­тыс­қан мультфильм көрер­мен қызығушылығын оятып жатса, же­тістік сыры са­па­лы жасалған дубляж жұ­мы­сы­мен тікелей байланыс­ты. Бел­гілі әртістермен бір­ге­ көп­т­е­ген голливудтық фильм­дер­­­­ді қазақ тіліне дыбыс­та­ған­ Рамазан Амантай («Биз­нес­ по-казахски»), Әлихан Бай­сұлтанов («Семья Базар­баевых») се­кілді жас актерлер де тарихи ке­йіп­керлерді аса жауапкершілікпен ды­быстаған.   

Филипп ВОЛОШИН: Мен ба­ла Күлтегінді орыс тілінде дыбыс­тадым. Мультфильм кейіп­керлерін дыбыстауды­ жа­ным сүйеді, өйткені студия ішінде отырып-ақ дауыстың кө­мегімен кейіпкеріңнің образын жасай аласың. Кейіпкердің мақ­сатын, ерекшеліктерін және астарлы әрекеттерін дауыс қана береді. Бұл ретте ак­тер көптеген техникалық машықтармен қарулануы тиіс. Мен үшін мультфильмде жұмыс істеу – өзімді актер ретінде жан-жақты сынап-байқау, тәжірибе жинақтау.  

Рамазан АМАНТАЙ: «Күл­­тегінді» көрген кезімде оның гол­ливудтық мульт­фильм­­дерден еш кем түспей­тінін байқадым. Мен бұл мульт­­фильмде Білге қағанның ба­ла кезін дыбыстадым. Ду­б­­ляждағы тә­жі­рибем көп бол­маса да, бұл ды­­быстау­дан ерекше ләззат алдым. Өйт­кені менімен бірге досым­ Әлихан Байсұлтанов та ды­быс­­тауға қатысты. Оның ды­быстауындағы Күлтегінді жай­барақат отырып қарай ал­май­сың. 

Адай ӘБІЛДИНОВ, фильм­ режиссері: Тарихи ке­йіп­­­­­кер­лерді дыбыстауда ак­тер­лер бар күшін салып­ жұмыс іс­теді. Жалпы бәрімізге де «Күл­тегін» фильмі баға жетпес­ тәжірибе берді. Жиырмаға жуық­ еліміздің үздік компью­тер­­­лік графика және анима­ция мамандары жұмыс істе­ді. Бір жылдың ішінде ғана бұ­рын-соңды болмаған ани­мациялық ауқымды туынды жа­сап шығара алдық. Бұл ха­лық­аралық стандарттар бо­йын­ша өте аз уақыт. Алайда бар күшіміз бен жанымызды салып жасап шығарған бұл­ туынды кішкентай кө­рер­­мен­дерімізге ғана емес, бар­лық қазақстандықтардың да­ талғамынан шығатынына, ұнай­­тынына сенемін.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ