Күйеуінің мінезіне көндіге алмаған әйел ажырасуға бел буды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әйелдің айтуынша, ер адамның оны жақсы көретіні сонша, бәрін кешіреді екен

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз — Sputnik. Біріккен Араб Әмірліктерінде әйел адам күйеуінің «шексіз махаббатынан» жалығып, ажырасуға бел буды.

Келіншек Эль-Фуджайра әмірлігінің шариғат сотына арызданған. Оның айтуынша, күйеуінің махаббаты әбден мезі еткен көрінеді, себебі ер адам әйелі не айтса да көніп, ешқашан қарсы шықпайды екен, деп жазады Khaleej Times.

БАӘ азаматының айтуынша, күйеуі талай рет үй жинап, тамақ та пісіріпті.

«Ешқашан дауыс көтеріп, бетімнен қаққан емес. Маған тілалғыш күйеу емес, анда-санда дауласып, тіпті ұрсысып тұратын адам керек. Тым құрыса, бір рет дауласқым келеді, алайда мінезі жұмсақ күйеуім оған жол бермейді. Әрдайым кешіріп, сыйлықты үйіп-төгеді», — деп мәлімдеді әйел сотта.

Ал күйеуі әйелінің бұл шешіміне қатты налығанын жеткізді. Сөйтіп, судьядан әйеліне арызды қайтып алуға кеңес беруді өтінді.

Сондай-ақ ер адам айтқандай, бір күні әйелі артық салмағың бар деп сынапты. Келіншегінің көңілінен шыққысы келген ол қатаң диетаға отырып, спортпен шұғылданып, тіпті жаттығу кезінде аяғын сындырып алған екен.

Тағы оқыңыз: Күйеуі көзіне шөп салғанын білген әйел кек алудың ерекше әдісін ойлап тапты

Шариғат соты істі қарауды кейінге қалдырып, ерлі-зайыптының татуласуына мүмкіндік беруге шешім қабылдады.



sputniknews.kz