Күйеуінің еркектерді ұнататынын білген астаналық әйел мұңын шақты — новости Казахстана

0

Күйеуінің еркектерге барып жүргенін білген астаналық келіншек өзін қоярға жер таппай отыр деп жазады Instagram желісіндегі astana_forum2017 парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

rusmir.su

Көрнекі фото:rusmir.su

Әйел адам есімін жасырып қалуды өтінді. Себебі ата-анасы ұятқа қалуы мүмкін. Дегенмен ішіндегі сырымен де бөлісуді жөн көріп отыр.

Бәлкім осындай жағдайға тап болғандар кеңес береді деп үміттенуде.

«Тұрмысқа шыққанына бір жарым жыл болды. Жасым 30-да. Отбасы құру үшін өте жақсы жас деп ойлағанмын. Күйеуім спортшы, екеуіміз фитнес клубта таныстық. Бірге отбасы құрғымыз келетінін бірден түсіндік», — деді кейіпкер.

Алайда үйленгеннен кейін екі ай өткен соң күйеуі жат қылықтар жасай бастапты. Ол үнемі телефонын жасырып, телефонмен дәретханада отырып, ұйықтағанда оны қасына алып жатқан.

Бір күні күйеуі ұйықтап жатқанда әйел адам телефонының кілт сөзін тауып алып, ішіндегіні оқыған.

«Сенгім келмеді, бірақ бұл рас»,- деді кейіпкер.

Қаншалықты таңданса да, әйел адам асығыс шешіп қабылдамай, күйеуімен ашық сөйлесуді жөн көрген.

«Ол кешірім сұрап, сенімімді ақтамағанына өкінетінін айтты. «Бұдан арылуға көмектесші», — деді. Басқа жігіттермен тек кездескенін, әңгімеден басқа ештеңе болмағанына сендірді», — деді келіншек.

Ол күйеуінің бұл сөздеріне сенген, алайда бір жарым айдан кейін күйеуі әлеуметтік желі арқылы жігіттермен сөйлесуін жалғастырыпты.

«Оның өзгермейтінін түсіндім. Сырттан қарағанда ондай деп ойламайсың. Дене бітімі шымыр, өзін нағыз еркек сияқты ұстайды. Үй шаруасында маған көмектеседі, екеуіміз ұрыспаймыз. Жыныстық қатынаста да бәрі жақсы», — деп ағынан жарылды келіншек.

Кейіпкердің анасы бұл оқиға жайында хабардар екен. Ол қызына асығыс шешім қабылдамауға кеңес беріпті. Ал келіншектің өзі күйеуіне екінші мүмкіндік бермекші.

«Күйеуіме психолигиялық зақым келтіргім келмейді. Бәлкім осындай қарым-қатынаспен өмір сүріп жатқан жұптар бар шығар? Бұлай өмір сүру мүмкін бе?», — деп келіншек оқырмандарға сауалын жолдады.



Дереккөз: kaz.nur.kz