Күйеуінің екінші рет үйленгенін білген әйелі тойдың шырқын бұзды
Нигерияның оңтүстік-шығысындағы Имо штатында әйел күйеуінің екінші рет үйленуіне кедергі келтірмек болды.
Ер адам екінші рет үйленбекші екенін әйеліне айтқаннан кейін кедергілерге тап болған. Ол шіркеуде некесін қимақ болғанда, дін қызметкерінің келіспей қойғаны себепті үйлене алмаған. Шіркеу қызметкері оның әйелі бар екенін біліп, оның басқа әйелмен неке қиюына қарсы болыпты.
Мұнан кейін ер адам сүйіктісімен бірге екінші шіркеуге барған. Алайда бұл туралы бірінші әйелі біліп қойып, сол жерге жетіп келеді. Өзімен бірге бір тегене пальма майын алып келген әйел оны қалыңдықтың үстіне шашып жіберді. Салдарынан қалыңдықтың көйлегі мен фатасы былғанып қалды. Мұнан кейін екі әйел төбелесіп қала жаздады.
Нигерияның солтүстігіндегі 12 штатта ғана шариғат бойынша көп әйел алуға рұқсат берілген. Ал оқиға болған Имо штатында мұндай некеге тыйым салынған.
Дереккөз: stan.kz