“Күйеуімен жатарын жатып алып, үй беріңдер дейді”: Ақтаулық блогер көпбалалы аналарға тіл тигізді
Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова әлеуметтік желіні тағы шулатты. Бұл жолы ол көпбалалы аналарға сын айтамын деп, өзі сынның астында қалды, деп хабарлайды kznews.kz сайты caravan порталына сілтеме жасап.
Блогердің жазбасы көптің ашуын туғызып отыр.
Ақтаулық блогердің жазбасы Facebook-те жарияланды. Онда Салтанат Аманқосова көпбалалы аналарға ауыр сөздер айтып тастаған.
«Осы қатындарды түсінбеймін. Күйеуімен жатарын жатып алып, 5 баласын туып алып, менің 5 балам бар, маған көмектесіңдер, үй беріңдер дейді. Өйтетін болса жатпа, маған не дейсің?! Тума 5 балаңды. Қызықсыңдар!», – деді блогер.
Ақтаулық қыздың бұл мәлімдемесі көптің ашуын туғызып отыр. Олар жазбаның астына «Сәбиге ешкімнің хақы жоқ сөйлеуге, мынаның жүйкесін емдету керек», «Дүниеге келген балаға олай айтатын бұл кім соншама?», «Тауық ми қарындасым ай, cенің әке-шешең жоқ па?», «Олай айтуға сенің хақың жоқ. Сенен ақша сурап жаткан ешкім жоқ. Сұраса үкіметтен сурайды. Алла берген періштелер», — деп түрлі пікір қалдырған.