Күйеуімен ерін түйістірген Айгүл Иманбаева сынға қалды

Айгүл Иманбаева күйеуі Ерланды шаңырақ көтергендеріне бір жыл толуымен құттықтап, Instagram парақшасында ернінен сүйген сәтін жариялады.
Алайда бұл сурет кейбір желі қолданушыларының сынына ұшырады. Олар мұндай әрекетті ерсі деп бағалап, жасына сай келмейтін қылық деп сынады. Кейбір пікірлерде оның әже болғанын еске салып, бұл қылығын ұят санайтындарын жазды.
«Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! Былтырғы 2024 жылдың 23 ақпаны күні жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып,шаңырақ көтерген күніміз болатын. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры- бір Жаратушының қолында. « Әйел қырық шырақты «-деген осы шығар. Әрбір Әйел бақытты болуға лайықты!!», — деп жазды өнер иесі.
коллаж: caravan.kz