«Күйеуім кетіп қалады деп қорықтым». Әйел 9 ай жүктімін деп өтірік айтып, сәби орнына қуыршақ жерлеген

0
511
Сурет: Pezibear

Бұған дейін өлі балаларын қуыршақпен ауыстырып қойғанын айтқан Дағыстан тұрғыны Дауд Даудовтың әйелі жүкті болмағанын мойындады.

Дәрігерлер Даудовтың әйелін тексерген соң, оның жүкті болмағанын анықтаған.

Лаура Т.-ның сүті жоқ және сүт бездерінің жағдайы дұрыс емес. Сондай-ақ, тергеушілер ер адам әйелі босанды деген жер мен құжаттарды тексерді. Нәтижесінде әйелдің ол жерде де, басқа ауруханада да тумағаны анықталды.

Артынша Дағыстан тұрғыны әйелінің мүлдем жүкті болмағанын мойындады. Ол 9 ай бойы күйеуі мен туыстарына өтірік айтып келген. Себебі, ол күйеуінің қатты бала күтіп жүргенін білген, тумай қалсам, кетіп қалады деп қорыққан.

«Босану» мерзімі келген кезде әйел сәбилерінің перинаталды орталықта шетінеп кеткенін айтқан. Соңғы сәтке дейін сәбилердің «мәйітін» көруге мүмкіндік бермеген.

Алайда «жерлеу рәсімі» кезінде Даудов сәбилердің орнында қуыршақтар жатқанын көреді.

«Мен сәбилерім үшін қайғырдым. Ал олар өзі тіріме?» — деді видеода.