«Күйеуі Шыңжаңда қалған» әйел Қытай елшілігіне барды
“Қытай билігі күйеуімді заңсыз ұстап, Қазақстанға жібермей отыр” деген Фарида Қабылбек 20 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі алдында бір адамдық пикет өткізді. Елшілік өкілі ресми арыз жазуға кеңес берді. Ал полиция әйелдің құжатын тексерді. Қабылбек өткен аптада да Алматыдағы Қытай консулдығы алдында пикет өткізген.