Күйеуі өлтірген әйелдің туыстары қылмыскер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды
Осы жылдың сәуір айында Оралда бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірген 30 жастағы Айнагүл Хайруллинаның ісі баяу тергеліп жатыр, деп хабарлайды ЭК.
Осы жылдың сәуір айында Орал қалалық тұрғын үй шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің 31 жастағы қызметкері Бауыржан Хайруллин бұрынғы әйелі Айнагүл Хайруллинаның жұмыс орнына келіп, оған 18 рет пышақ сұққан. Әйел ауруханаға барар жолда полиция қызметкерінің көлігінде қайтыс болды.
Бауыржан әйелін өлтіргеннен кейін, көлігіне отырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Кейін оны полиция қызметкерлері ұстаған. Сот санкциясымен тергеу изоляторына қамалады. Қайғылы оқиғадан кейін төрт ай өтсе де, Айнагүлдің туыстары тергеудің баяу және әдейі ұзақ жүріп жатыр деп күмәнданады.
— Төрт ай өтсе де, іс сотқа жетпей отыр. Енді Бауыржанды Талғар қаласындағы психиатриялық сараптамаға жіберетін болыпты. Сараптама тағы да уақыт алады. Олар осыған дейін де сараптама тағайындаған болатын. Неге ол қайтадан сараптамадан өтуі керек? Осылай істі әдейі созып жатыр, — дейді Айнагүлдің әпкесі Арайлым Дүйсенова.
Жібірленуші тараптың айтуынша, күдіктінің ісі аффект жағдайында кісі өлтіру болып бағаланып, жазасын жеңілдету үшін оның ақыл-есінде ауытқуы бар деп таныған.
Ол қылмысты алдын-ала жоспарлап, әдейі өлтірді. Қалай аяқ астынан аффект жағдайына түсіп кетеді?
Қазір тергеу амалдары жалғасып, қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабымен (Адам өлтіру) тергеліп жатыр. Бауыржан Хайруллин Алматы облысының Талғар қаласындағы сараптамадан өткеннен соң, іс әрі қалай жалғасады.