Күйеуі басына оқ атқан: Жезқазғандық әйел жан сақтау бөлімінде көз жұмды

0

Жезқазғанда күйеуі басынан аңшылық мылтықпен оқ атқан әйел аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Жарақаттанған әйелді құтқару мүмкін болмады. Ол ауыр жарақат алған», – дейді ауруханадағылар.

Күйеуінің қолынан ажал құшқан Гүлназ 27 жаста болған. Оның артында екі кішкентай баласы қалды.

Еске сала кетсек, 5 желтоқсанда Жезқазғанда күйеуі әйелінің басына мылтықпен оқ атқан еді.

Полицейлердің мәліметінше, оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Айғақ зат тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті изоляторға қамалды.

Источник: Stan.kz