Күйеу жігіті кедей болғандықтан тұрмысқа бермей қойған: Өз отбасын жауыздықпен өлтірген әйел мен оның сүйіктісі өлім жазасына кесілді

0
71
Коллаж: Stan.kz

Үндістанда соңғы 66 жылда алғаш рет өз отбасының жеті мүшесін өлтірген әйел өлім жазасына кесілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылмына сілтеме жасап хабарлайды.

38 жастағы Шабнама Али 11 жылдан бері өлім жазасына кесілгендер қамалатын түрмеде отыр. Ол Салим есімді сүйіктісімен 2008 жылы Амрох қаласында қатыгездік адам өлтіргені үшін сотталған.

Екі жастың ортасына бойжеткеннің отбасы түскен сыңайлы. Олар күйеу жігіттің тұрмысы төмен отбасыдан шыққандықтан ғашықтардың некелесуіне үзілді-кесілді қарсы білдірген. Бұл уақытта Шабнаманың аяғы ауыр болыпты. Кейіннен ол түрмеде ұл босанған. Оның ұлы Тадж өгей ата-аналарының қолында алты жасқа дейін өсіпті. Жақын күндері 12 жасқа толған бала мемлекет президенті Рама Натх Ковиндтен анасына кешірім беруді сұрап, үндеу жасаған.

«Мен туған анаммен кездестім. Ол маған сабағымды жақсы оқуға және өнегелі азамат болып өсуге кеңес берді. Бұған қоса, анам мені уайымдамауға шақырды. Құрметті Үндістан президенті, менің анамды кешіресіздер деген үміттемін», – деді Тадж. 

Шабнам мен Салим бойжеткеннің әкесін, анасын, екі ағасы мен жеңгесін есірткімен ұйықтатып, олардың денелерін балтамен шауып тастаған. Мұнымен қоймай, бастауыш сынып ұстазы болған Шабнам 10 айлық туған жиенін тұншықтырып өлтірген. Қатыгез жұп 2010 жылы өлім жазасына кесілген. Сот үкімі бірнеше рет апелляцияға берілген, алайда оның ешқайсысы нәтиже көрстепеді. Шабнам тіпті кішкентай баласын сылтау етіп те, рақымшылыққа ілінбекші болған.

Айта кетейік, егер Шабнам Али Үндістан тәуелсіздік алғалы бері дарға асылған екінші әйел болмақ. 1955 жылы Ротанг Бай Джайн үш қызды өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Қазір сот үкімін жүзеге асыруға дайындық жүріп жатқан көрінеді.