Күйеу жігіт қайтыс болды: Тойдан кейін 100-ден аса адам COVID-19 жұқтырды

0

Шығыс Үндістанда үйлену тойынан кейін 100-ге тарта адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Firstpost басылымына сілтеп.

индия

Үндістандық БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға маусым айының ортасында орын алған. Мереке қарсаңында күйеу жігіттің дене қызуы көтеріліп, тойды кейінге қалдыруды сұраған. Алайда туыстары үйлену тойдың рәсімдерін сақтауды міндеттеген. Ал екі күннен кейін күйеу жігіт ауруханаға барар жолда көз жұмған.

Үйлену тойына қатысқан туыстарының бірі, күйеу жігіттің бір ай бұрын басқа қаладан келгенін айтады. Ол өзін жақсы сезінгендіктен, COVID-19 инфекциясын жұқтырды деп ешкім күдіктенбеген.

Болған оқиғадан соң жергілікті билік күйеу жгітпен байланыста болған барлық адамға тексеру жүргізген. Тойға келген 400-ге жуық қонақтың 113-і вирус жұқтырғаны белгілі болған. Жұқтырғандардың көпшілігі симптомсыз болып шықты, бірақ карантин орталықтарында оқшауланыпты.