«Күйеу жігіт 16 жаста, ал қалыңдық 17-де»: Кәмелетке толмаған жас жұбайлардың тойы желіні шулатты
Тойдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен Өзбекстанда кәмелетке толмағандардың тойы желіні шулатты. Ендігіде жігіт пен қыздың ата-аналары жазалануы мүмкін.
Тойдың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Кейіннен жас жұбайлардың кәмелет жасқа толмағаны анықталған. Күйеу жігіт 16 жаста, ал қалыңдық 17 жаста.
Рodrobno.uz порталының жазуынша тіпті бұл той балалар омбудсменінің назарын аударған.
«Қаракөл ауданының Ішкі істер басқармасы тергеуге дейінгі тексеріс жүргізді. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты жиналған құжаттар сотқа жіберілді», — деп жазылған портал мәліметінде.
Өзбекстанда жастар Отбасы кодексіне сәйкес 18 жастан бастап некеге тұра алады.