«Күйеу балама аманат»: Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның «сырға салу» рәсімінен видео тарады (видео)

0

Желіде отандық әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салғаны жайлы ақпарат тарауда. Әншінің өміріндегі маңызды күннің видеосы TikTok желісінде жарияланған, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары отандық өнер саласында жаңа жұптың пайда болғанын жарыса жазып, көпшілік Кәмшат Жолдыбаеваның актер Ғазрет Қажымұқанұлымен кездесіп жүргенін болжаған болатын. Видеодан ұлттық көйлек киген Кәмшат Жолдыбаеваның жанынан Ғазрет Қажымұқанұлын көруге болады. Желі қолданушылары Кәмшат Жолдыбаеваға бақыт тіледі. «Бақытты болсын», «Еркенің аяғы жеңіл болып, қыздардың бәрі ұзатылып жатыр», «Бағыңыз ашылсын», — деп жазды желідегілер. Айта кетейік, әншінің өзі сырға салу рәсімі өткені жайлы мәлімдеме жасамады.