«Күйеу бала мен дедім»: Димаштың әкесі үйленген кездегі қызықты оқиғасын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы «Түнгі студия» бағдарламасында қонақ болып, алғаш танысқан кезі мен үйленген шақтары туралы айтып берді. Бүгінде үш баланы тәрбиелеп өсірген Қанат пен Света Айтбаевтар 1993 жылдың тамыз айында шаңырақ көтерген. Қанат Айтбаев жүрегін жаулаған аруды ең алғаш «Қыз сыны» байқауында кездестірген, деп жазады Stan.kz.

"Күйеу бала мен дедім": Димаштың әкесі үйленген кездегі қызықты оқиғасын айттыФото: Instagram/tungistudio

Бір-бірін ұнатып, біраз уақыт қол ұстасып жүргеннен кейін отбасын құрған. Ең қызығы, үйленетін кезде ауыл әжелері күйеу баланы жолдас жігітпен шатастырып алған. 

«Екеуміз де өнер адамы болғаннан кейін, күйеу бала болып барған кезде үстіме концерттік киім киіп барғанмын ғой. Қолымда домбыра. Қасымда Әділбек деген жолдас жігіт бар. Ол қара костюм, ақ көйлек, галстукпен келген», — дейді Қанат Айтбаев.

«Жол ұзақ. Күйеу жігіт кешігіп жатты. Ауылда апалар құмалақ ашып кетті. Жақындап қалды деп қояды. Сөйтіп тұрған кезде ауылға көлікпен жігіт жолдас кіріп келеді. Құмалақ тастап отырған апалардың бәрі қара костюм киген жігітті күйеу бала деп ойлап, Әділбекті құшақтап, Қанатқа ешкім қарамаған», — деп жалғады оның сөзін Света Айтбаева.

Күйеу жігіт ұзақ кідірместен ақ жаулықты әжелерді өзіне қаратқан. 

«Апалар, — дедім, бәрі жалт қарады. Күйеу бала мен, — дедім. Шөпілдетіп жолдасымды сүйіп жатқан жерінен бәрі маған келді», — деп күлді Қанат Айтбаев.

«Не дейді құрысын, домбыра ұстап келгенге тойға өлең айтуға келген бала ма десек деген еді», — дейді Света Айтбаева. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz