Күдіктілер арасында Армения азаматтары да бар

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

713 0 0

Жаппай төбелес орнына полиция қызметкерлері таңғы 04:40-та келген

АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Жаңа жыл түні Қарағандыда адам өлтірді деген күдікке ілінгендер арасында Армения азаматтары да бар. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

«Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Барлығы Қазақстан азаматы емес. Олардың арасында Армения азаматтары да бар», — деді Сүлейменов. 

Сүлейменовтің айтуынша, қанды оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні таңғы төрттер шамасында Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында болды. Жаппай төбелеске мейрамханаға келгендер мен мейрамхана персоналы қатысқан. 

Персонал түнгі үштен кейін мейрамхананы жауып, іштегі қонақтарды сыртқа шығарып жіберген. Ал олар, Сүлейменовтің айтуынша, өз достарына хабарласқан. Салдарынан жанжал туып, жаппай төбелеске ұласқан. 

Ал қаза тапқан жігіт мейрамханада демалған қонақтардың арасында болмаған, қоңырау шалғаннан кейін келіпті. 

Полицияның мәліметінше, құқық қорғау органдары оқиға орнына 04:40-та келген.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/