Күдебаевтың шекарадан қалай өтіп кеткені белгілі болды

0

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтің Қырғыз еліне қалай өтіп кеткенін айтты.

«Ол шекарамыздан тыс жерден Қырғыз мемлекетіне өтіп кеткен. Шекараға жеткізген көлік жүргізушісіне де оның мұндай әрекетке баратыны белгілі болған. Сол себепті өзі де жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол (Күдебаев) шекараның өткізу пунктінен өтпеген. Кеген ауданында шекара темір торының астын көтеру арқылы өтіп кеткен», — деді ол.

Оның атап өтуінше, осы жайтқа байланысты Серік Күдебаевтың үстінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қосымша қылмыстық іс қозғалған.