Кубаға қашпақ болған Мадуроны Кремль тоқтатқан

0

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео «Венесуэла президенті Николас Мадуро 30 сәуірде Кубаға қашпақ болды» деді. Помпео бұл туралы америкалық CNN арнасына 1 мамырда берген сұхбатында айтты.

Мемлекеттік хатшысының сөзінше, Николас Мадуроның ұшағы ендігі ұшу жолағында тұрғанда, оны Кремль тоқтатқан. Помпео Мадуромен Ресей билігіндегі кімнің сөйлескенін айтқан жоқ. «Ұшақ Гаванаға қонуы керек еді» деді ол.

Помпео Вашингтонның Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гуайдоны қолдайтынын тағы бір мәрте мәлімдеді.

30 сәуірде Гуайдо Мадуроны биліктен кетіру үшін ел азаматтарын ереуілдетіп көшеге шығуға шақырған. Көшеге шыққан оппозиция жақтастары мен үкімет күштерінің қарсылығы ушығып, 50-ден астам адам түрлі жарақатпен Каракастағы ауруханаға жеткізілген. Үкімет жауынгерлерінің бір бөлігі Гуайдоның жағына өтіп кетті.

Өзін биыл қаңтарда уақытша президент жариялаған Хуан Гуайдоны елуден астам ел Венесуэланың заңды президенті деп санайды. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джон Болтон бұған дейін президент жақтастары Гуайдомен байланыста екенін, олардың «Мадуроны биліктен кетіру бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын» хабарлаған.

Мадуроны елдегі дағдарысқа АҚШ-ты кінәлайды. Оны Ресей мен Қытай бастаған санаулы ел қолдайды.

Azattyq