КТК арнасында ерекше ток-шоу ашылмақ – «Астарлы ақиқат»

0
КТК арнасында ерекше ток-шоу ашылмақ – «Астарлы ақиқат»


КТК телеарнасы көрермендердің көптен күткен жобасын жаңа форматта ұсынып отыр. Енді әр аптаның жексенбісінде сағат 19:00-де КТК арнасынан «Астарлы ақиқат» ток-шоуын тамашалауға болады.

Араға бес жыл салып қайта жарық көріп отырған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы көрермендердің өтінішімен шымылдығын түріп отыр. Осыдан бес жыл бұрын Дина Төлептерген жүргізген «Астарлы ақиқат» үлкен рейтинг көрсеткен болатын. Бұқпасыз, боямасыз, ақиқатын ақтарамыз деп ұрандатып шыққан жоба расында да көрерменнің көзайымына айналған болатын.

КТК арнасы өз көрермендерінің өтінішін жерге қалтырмады. Енді «Астарлы ақиқат» ток-шоу форматында жүргізілмек. Жүргізуші Дина Төлепберген ток-шоу мен үшін ерекше болып тұр деп ағынан жарылды.

Дина Төлепберген, «Астарлы ақиқат» ток-шоуының жүргізушісі:

Негізгі мақсатымыз – қоғам мүшесінің проблемасын халықтың, һәм биліктің естуі. Оның проблемасның шешілуіне мұрындық болу. Егер біз сол мақсатымызға жете алсақ, онда ток-шоудың мәні мен маңызы бар деген сөз.

Әлеумет мәселесі, құқығы тапталғандардың базынасы, әділдік іздеп табаны тозғандар енді жіті назарда.  Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. Ашық алаңда түрлі тағдыр талқыға түсіп, мәселені шешудің жолын табады.

Ағынан жарылған кейіпкерлер, сарапшылар, психодиагностик маман жабылып жүріп ақиқаттың ағына шығады.

Бұқара базынасын бір жағаға шығаратын «Астарлы ақиқат» ток-шоуын 25-ші қарашадан бастап, яғни әр жексенбіде сағат 19:00-де КТК арнасынан қарауға асығыңыз!