Кселл мектептен цифрлық әлемге жол салды
Жетекші мобильді оператор қазақстандық оқушылар арасында телекоммуникация саласы бойынша «ликбезбен» айналысуды жалғастыруда. Осы мақсатта «Кселл» өз нысандары мен инфрақұрылымы бойынша бірқатар танымдық экскурсиялар өткізіп, 2 айдың ішінде 9-15 жас аралығындағы 500-ден астам бала компанияның кеңсесімен танысты.
Экскурсия аясында оператордың мамандары ұялы байланыс пен интернеттің қалай әрбір үйге, телефонға келетінін көрсетіп қана қоймай, балалар базалық станциялардың, соның ішінде 5G, желіні басқарудың қалай жүргізіліп жатқанын көре алды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың барлығына «Имба» атты алғашқы Қазақстандық балалар тарифін бағалау мүмкіндігі ұсынылды. Айта кетейік, жаңа тарифке екі ай ішінде 15 мыңнан астам абонент қосылған.
Жақында «Кселл» бесінші экскурсиясын өткізіп, 4-9 сынып оқушыларын телеком-индустриямен егжей-тегжейлі таныстырды. Әзірге мұндай турлар тек алматылық оқушыларға ғана қолжетімді, бірақ жобаға қызығушылықтың артуына байланысты, басқа қалаларда да жүргізуге ниетті.
«Біздің нысандарға экскурсияның өзі екі сағатқа созылады және осы уақыт ішінде балалар ұялы байланыс пен интернеттің пайда болу тарихы туралы көптеген жаңалықтарды, киберқауіпсіздікті, технологиялардың қалай дамығанын және олардың қазіргі өмірде қаншалықты маңызды екенін біліп қана қоймай, желіні басқару орталығына барады, VR-көзілдірікпен ең танымал ойындарға 5G тест-драйвына, SMS-таратуды баптауға қатысады және біздің жаңа өнімімізді — балалар үшін арнайы әзірленген және іске қосылған «Имба» балалар тарифін бірінші болып сынақтан өткізеді», — деп атап өтті «Кселл» АҚ Серіктестік пен адалдықты дамыту бөлімінің менеджері Анна Коблова.
Айта кетейік, «Кселл» Қазақстанда 7-18 жас аралығындағы оқушылар мен жасөспірімдерге арналған арнайы «Имба» тарифін енгізген алғашқы оператор болды. Жүрген қадамдар үшін қосымша гигабайттар беріп, сондай-ақ WhatsApp, онлайн-ойындар мен білім беру ресурстарына арналған лимитсіз интернет қарастырылған, жаңа тарифтік жоспар балаларды жақсы оқуға ынталандыруға да мүдделі.
«Мен «Имба» алғашқы қазақстандық балалар тарифі екенін баса айтар едім, біз бұл мәселеге өте байыпты келдік және ұзақ зерттеулер мен түрлі гипотезалардан кейін балаларға бағдарланған осы өнім пайда болды, яғни осы тарифте трафик таусылса да бала әрқашан WhatsApp бойынша қолжетімді болады, Қазақстанның білім беру сайттарын да трафик таусылған жағдайда да пайдалануға болады. Сондай-ақ, балалардың қызығушылығын ескере отырып, біз ақылы жазылымдардан қорғауды қарастырдық.Тестілеу кезінде тарифтік жоспарды жетілдіре түсіп, кішкентай абоненттеріміз бен олардың ата-аналарына қолайлы болу жағын қарастырдық. Дегенмен мұнымен шектеліп қалмаймыз, сондықтан қазір ата-аналардан пікір жинап, балалардың пайдалану тәжірибесін зерттеп, тарифтік жоспарды жақсартатын боламыз», — дейді «Кселл» АҚ Цифрлық өнімдерді дамыту департаментінің менеджері Жалғас Нұржанұлы.
«Имба» тарифтік жоспары іске қосылғаннан бері екі ай ішінде елімізді шарлай жүріп айналасына жанкүйерлерін жинауда. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған болашақтың цифрлық мамандықтары — Profertenfest 2024 фестиваліне қатысушылардың да жаңа тарифке қызығушылығы жоғары болғанын айта кету керек. Фестивальге келушілер болашақтың ІТ-мамандықтары тақырыбындағы қызықты спикерлерден бөлек, жаңа балалар тарифінің қолданушылары атанды. Осылайша, «Имба» тарифінің аясында жетекші байланыс операторы балалар мен жасөспірімдерге арналған кешенді «ликбез-бағдарлама» құрып, онда болашақ мамандықтар фестивалі мен байланыс инфрақұрылымы бойынша танымдық экскурсияларды қамтыды.
«Кселлдің» осындай шараларды бастағаны өте тамаша, менің балама қатты ұнады. Бұл көптеген балалар үшін болашақ мамандық таңдауда өзіндік инсайт болатынына сенімдімін. Сондай-ақ, компания Қазақстанда көптеген артықшылықтары мен бонустары бар алғашқы балалар тарифін іске қосты. Маған бәрінен бұрын тарифте трафик пен минут қалмаған күннің өзінде WhatsApp-қа шектеусіз қолжетімділік болғаны ұнайды. Бұрын ұлым оған ойын ішіндегі валютаны жиі сатып алуды сұраған болатын, бірақ мен өз картамды байланыстыруға қорқатын едім, ал енді ол бонустарын ғана ойын ішіндегі валютаға айырбастайды, менің картамнан ақша шешіп алады деп алаңдамаймын. Мен үшін «ИМБА» бірінші кезекте қауіпсіздік», — деді оқушылардың бірінің анасы Наталья Савельева.
«Имба» тарифі іске қосылған алғашқы күннен бастап ол көптеген оң пікірлер мен ұсыныстарға ие болды. Бұл туралы құрғақ сандар да айтып отыр — бір айдың ішінде біздің жаңа балалар тарифін 15 мыңнан астам оқушылар таңдаған. Қосымша бонустардан, гигабайттардан басқа, ол балаларды жаяу жүруге, жақсы оқуға ынталандырады, сондай-ақ балалардың ішкі валюта табуға мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, тарифтік жоспардың алгоритмі сыртқы жағымсыз және деструктивті сайттарға тосқауыл қоятындай етіп орнатылған», — дейді «Кселл» АҚ Өнімдерді дамыту департаментінің стратегиялық өнімдер жөніндегі сарапшысы Родион Кнутов.
«Кселл» АҚ баспасөз қызметі