Криштиану Роналду енді Сауд-Арабиясында доп тебеді

0

Криштиану Роналду Сауда Арабиясының «Әл-Наср» клубына ауысты. Бұл туралы футболшы мен клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Әл-Наср» әйгілі футболшының командаға қосылуына орай жазба қалдырды. «Бұл тарихтан да үлкен нәрсе. Бұл келісім біздің клубты ғана емес, біздің лигамызды, біздің ұлтымызды және болашақ ұл-қыздар буынын үздік болуға жетелейді. Криштиану, жаңа үйіңе, «Әл-Насрға» қош келдің!», — делінген хабарламада.

Айта кетелік, бұған дейін футболшының 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқаны белгілі болды. Оның жылдық базалық табысы — 75 миллион доллар.

Ал коммерциялық төлемдер мен амбассадор рөліндегі кірістерді қоса есептегенде ол 200 миллион доллар жалақы алмақ. Роналду қараша айында «Манчестер Юнайтед» клубынан кетіп қалды. Катардағы әлем чемпионатында Португалия құрамасы ширек финалда ұтылды.