Кремль АҚШ президенті сайлауына тағы араласпақшы

0

Оның сөзінше, Мәскеу 2016 жылы АҚШ президенті сайлауына араласқаннан кейін салынған санкциялар мен өзге де шараларға қарамастан алған бетінен қайтпай отыр. АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллердің екі жыл жүргізген тергеуі Ресейдің 2016 жылғы президент сайлауында АҚШ сайлаушыларына ықпал етуді көздеп әлеуметтік желілерде насихат жүргізіп, жалған ақпарат таратумен мақсатты түрде айналысқанын анықтаған. Мюллердің тергеуінен соң Ресейдің 25 азаматы мен үш компаниясына айып тағылды. Вашингтон сайлауға араласуға қатысы бар деп санайтын бірқатар ресейлік азаматтар мен әскери барлау қызметкерлеріне санкция салды.

Рэй сенат комитетіндегі мәлімдемесін Ресейдің АҚШ-тағы сайлау процесіне араласуын екі жыл тексерген бұрынғы арнайы прокурор Роберт Мюллер өз зерттеуі туралы Конгресте сөйлерден бір күн бұрын жасады. Мюллердің есебінде Ресей 2016 жылғы сайлау кезінде президенттікке кандидат Дональд Трампқа көмектесуге тырысқанымен, қазір билікте отырған Трамптың бұған тікелей қатысы жоқ екені айтылған. Бұған дейін Трамп та осылай деп мәлімдеген.

Рэйдің мәлімдемесінен соң сенаттағы демократтар республикашылдар жетекшісі Митч Макконнеллді «сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиісті шаралар қабылдамады» деп сынады. Макконнелл былтыр сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеткілікті қаржы бөлінгенін айтып, қосымша шаралардың қажеті жоқ деп мәлімдеді.

Биыл маусымда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп оған сайлауға араласпау жайлы әзілдеген. Кейін осы сөзі үшін демократтардың көбі президентті «бұл мәселені елегісі келмейді» деп сынаған.

Azattyq