«Кредитке алынған». Ақтөбеде қанша үй-мүлікке зақым келгені жарияланды

0

Ақтөбе облысында арнайы комиссия тасқыннан келген шығынды есептеуді бастады. Өңірде 800-ге жуық баспанаға зақым келгені белгілі болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Арнайы комиссияға екі сағат ішінде халықтан 700-ге жуық өтінім түскен. Ал 1 сәуірде комиссия өкілдері сол зардап шеккен нысандарды аралап, жағдаймен танысты.

«Әр үйді бірінші тіркеп аламыз. Содан кейін бағалаушыларға береміз. Бағалаушылар бізден кейін келіп арнайы мамандармен есептеу жұмыстарын жүргізеді. Есептеу аяқталғаннан кейін біз тиісті қаржы сұратып, шоттарына аударатын боламыз», — дейді Астана ауданы әкімі орынбасары Жақсат Төлегенов.

Бір ғана Ақтөбе облысында 757 үйді су басқан. 3700-ден астам тұрғын су тасқынынан эвакуациялық бекеттерді паналап отыр.

«Әлі де амандық болса жаңа қонысқа бірге кіреміз. Келер жылға қалдырмаймыз. Оны биыл міндетті түрде шешеміз. Әр қадамымызды айтып отырамыз. Жұмыс баяу жүрмейді. Қадағалап отырамыз», — деді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар өтінімде үй мен мүлік сынды дүниелердің кредитке алынған айтқан.

Қазір өңірде мектеп оқушылары мен колледждерде білім беру форматы қашықтан оқытуға көшірілген.