Кредит қажет: мәселені үйде отырып қалай шешуге болады? – Қазақстан жаңалықтары

0
25

Өмірде күтпеген жайттар жиі кездесіп жатады. Қаржылық тәртіпті қатаң ұстап, әр тиынды қалай жұмсауға жоспары бекітілген адамдардың өзінде ойламаған оқыс қажеттіліктер орын алып жатады, ақша дәл осы жерге және қазір керек, алайда ол ешкімнен шықпайды, бұл жағдайды қалай шешпек керек.

Басқалардың пікірі бойынша шешімсіз мәселе жоқ, оны қарастыру керек. Егер ол ақшаға қатысты болса, оның тамаша шешімі бар – үйде отырып-ақ, өтінім ресімдеп кредит алу. Міне осы қызметті, яғни онлайн кредит беруді АТФБанк жақын күндері жалпы көпшілікке ұсынды. Оны пайдалану үшін  интернетке шығу және жеке куәлік, өзіңізге барынша жайлы болу үшін ыңғайлы диван болса болғаны, енді сіз ақша іздеп шарқ ұрмайсыз, ол сізді өзі тауып келеді.

Интернет өмірімізге етене еніп кеткені соншалық, ол күнделікті тұрмыс-трлігіміздің бір бөлшегіне айналды, ол арқылы туыстарымыз, достарымызбен  сөйлесеміз, сауда жасаймыз, коммуналдық төлемдерді төлейміз, тапсырыс береміз, бұл айтылғандар тек аз ғана қамтылғаны, келешекте интернет арқылы одан да үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізетініміз анық. Егер мүмкіндік болып тұрса, неге қаржылық мәселелерді де, мысалы кредит алуды оның «еншісіне» тапсырмасқа?

Ал, АТФБанкпен оны жасаудың кем дегенде 5 себебі бар:

Бірінші. Кредит алу үшін онлайн-өтінімді өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта беруге болады. Сервис күндіз-түні, демалыс және мереке күндері  24/7 режимінде қолжетімді. Егер қандай да бір сұрақтар туындаған болса, сіздер үшін тәулік бойы қызмет көрсететін 2424 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Екінші. Сауалнама үлгісін толтыру өте оңай. Бар болғаны 2 минут уақытыңызды алады. Ол үшін жеке куәлік мәліметтері, жүйе сұрататын растау коды көрсетілген sms-хабармалма алу үшін телефон нөмірі қажет. Сонымен қатар, онлайн-кредит ешқандай кепілсіз ресімделеді.

Үшінші. Жылдам мақұлдау. Автоматтандырылған скорингтік жүйеге кредит бойынша алдын ала шешімді хабарлау үшін 5 минут жеткілікті. Соңғы мақұлдауды алу үшін тағы да осындай уақыт талап етіледі. Ақшаны толықтай алу үшін барлығы 10 минут уақыт кетеді.

Төртінші. АТФБанк клиенті кредит алудың ыңғайлы тәсілін өзі таңдайды. Банк бөлімшесіне келіп те алуына болады. Алайда, оңтайлы тәсілі ақшаны картаға аудару, оның үстіне мақұлданған кредит бойынша ақша бірден аударылады.

Бесіншісі. Кредит шарттары да көңілге қуаныш ұялатады. Кредит берудің максималды ықтимал сомасы 7 миллион теңгені құрайды, оны банк 17,2 пайыздан басталатын мөлшердегі ЖСТМ-мен жарты жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге береді. Комиссиясыз және айыппұл санкциясыз мерзімінен бұрын бөліп төлеу де қарастырылған.

Өтініш қалдырыңыз да, қажетті ақшаны қазір алыңыз

Онлайн-кредитті алғаннан кейін, енді оны банк бөлімшесіне бармай, қалай өтеуге болады деген сұрақ туындайды. Жауап: қарызды ATF24 интернет-банкингі арқылы дәл осылай «онлайн» өтеуге болады. Альтернативті және барынша қолжетімді төлеу әдісі  – көп кезедесетін KASSA24 терминалдары немесе АТФБанктің cash-in банкоматтар желісі.  

stan.kz