Краснояр өңірінде бөгет жарылды: 10 адам көз жұмды
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай салдарынан екі жатақхана су астында қалып, он адам мерт болған. Тағы он бес жұмысшының тағдыры белгісіз
НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Ресейдің Краснояр өңірінде бөгет жарылып, он адам ажал құшты.
Тағы он бес адамның тағдыры белгісіз, деп хабарлайды РИА Новости елдің төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«10 адам көз жұмды. Төртеуі ауруханаға жеткізілді, тағы он бес адамды дәрігерлер оқиға орнында қарап шықты. Тағы 15 адамның тағдыры белгісіз»,- делінген хабарламада.
Төтенше жағдай Мәскеу уақытымен 02:00-де Курагинский ауданы Щетинкино ауылының маңында болған. Сейба өзенінде алтын өндірушілер артелінің технологиялық су қоймасының бөгеті жарылған.
Салдарынан жұмысшылар кентінде уақытша тұруға арналған екі жатақхана су астында қалды.
Тағы оқыңыз: Бөгет бұзылып, 58 адам көз жұмды: Назарбаев көңіл айтты
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына 270-ке жуық адам мен авиацияны қоса алғанда 50 техника жұмылдырылған.
Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
sputniknews.kz