КПО Батыс Қазақстан облысындағы жобаларға тағы 10 миллион доллар бөледі

0
26 Қараша 2018, 09:36 173 0

Фото: qazaquni.kz

Астана, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен Қарашығанақ жобасы бойынша бірлескен комитеттің отырысында КПО-ның әлеуметтік жеңілдіктерін көтеру туралы шешім қабылданып, облыстың дамуына 20 миллионнан 30 миллион долларға дейінгі аралықта қаражат бөлінетін болды.

2019 жылдан бастап консорциум Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қаражат аударады. Облыс әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, тиісті қаулы Қазақстан үкіметімен қабылданды. Келесі жылы облыстың шалғай аудандарында 2 денсаулық және фитнес-орталығын, облыстық кардиологиялық орталықтың жаңа ғимаратын, жаңа Ақжайық ықшамауданындағы Шаған өзеніне көпір салуды, сондай-ақ №7 қалалық емхана ашуды және басқа да әлеуметтік жобаларды іске асыруды жоспарлауда.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Орал халықаралық әуежайын жеке меншіктен мемлекетке ауыстыру туралы қаулысына қол қоюы туралы айтты. Келесі көктемде жолаушылар қозғалысын арттыру үшін халықаралық терминалды жаңғыртуды бастау жоспарланып отыр.

Аталған жұмыстар КПО есебінен жүзеге асырылады. Іс-сапар шеңберінде БҚО делегациясы бірнеше елордалық объектілерді, атап айтқанда, Dubai Future Accelerators бизнес-акселераторымен танысты, сондай-ақ кәсіпкерлермен бірқатар кездесулер өткізіп, цифрландыру мен смарт-технологияларды енгізу мәселесі талқыланды. КПО консорциумы 20 жыл ішінде облыстың дамуына 360 миллион доллар бөлген.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ