Көзіне оқ атқан: Алматының қақ ортасында жастар жаппай төбелесті (видео)

0

Желіде жастардың жаппай төбелесінің видеосы тарады. Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео авторының сөзінше, ұлы мен оның екі досын белгісіз біреулер ұрып-соғып, телефонын тартып алып, бірінің көзіне оқ атқан.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушылары мен мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары қолға алынды», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.