«Көзімде нұр жоқ»: Балжан Бидаш ажырасқан сәтін есіне алды

0

Отандық танымал әнші Балжан Бидаш бір жыл бұрын жеке басынан өткен оқиғаны еске алып, көпшілікке сол сәтте қандай күйде болғанын көрсетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ажырасқаннан кейін бетіне безеу толып кеткенін көрсетіп, жан сырын ақтарды.

“Бұл жағдайды бір жыл бұрын сіздерден жасырып қалдым. Гримм де, фотошоп та көмектеспеді. Суреттерде бұл бер жағы ғана. Күн сайын көбейе берді. Күнде жылайтынмын. Сол Балжанды қатты құшақтағым келеді. Ешкімнің басына бермесін. Кез келген адамға соққы болары сөзсіз. Көзімде нұр жоқ. Бәрі бетіңді неге шашыңмен жауып аласың» деген сөздер де ауыр тиді», – деп жазды Балжан Бидаш.

Еске салайық, эстрада жұлдызы әзілкеш Жахан Отарғалиевпен үйленіп, үш жылдан кейін ажырасып кеткен еді.

“Достар, шыны керек осы сұрақтардан шаршап кеттім. Бүгін нүктесін қояйықшы. Кім болсын үйленіп жатқанда «ажырасып кетемін» деп ойламайды. «Соңына дейін сол жанмен бірге бақытты боламын» деп ойлайды. Тағдыр емес. Қарым-қатынасымыз тоқтау керек уакытында тоқтады. Ажырасу кімге болсын оңайға соқпайды. Депрессияда болғанда көзің көрмей қалады ғой. Үй, дала қараңғы көрінеді. Маған да мораль тұрғысынан оңай болған жоқ. Психолог жағаламадым. Тек депрессияда жүріп, уақыт өткізіп алмас үшін болашағыма жоспар құрдым. Жұмысымды қайта қолға алдым. Табыс табуға кірістім”, – деген еді әнші.