Home Жаңалықтар «Көзім 100%-ға көрмеді»: Шымкентте қабағына татуаж жасатқан әйел ауруханаға түсті – Қазақстан...

«Көзім 100%-ға көрмеді»: Шымкентте қабағына татуаж жасатқан әйел ауруханаға түсті – Қазақстан жаңалықтары

0
62

Татуаж жасау процедурасынан кейін көзі көрмей қалған Кентау қаласының тұрғыны дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі «Евразия» арнасына сілтеме жасап.

көз

Кентау қаласының тұрғыны Гүлшат Қанибекова процедурадан кейін бірден өзін нашар сезінген. Бір көзі ауыра бастаған. Процедураны жасаған мастер клиентке ауырсынуды басатын препараттарды берген және оларды бірнеше күн қолдану керектігін айтқан. Бірақ дәрі-дәрмектер жағдайды ушықтырған. Асқынуларға байланысты Гүлшат Шымкенттегі емханаға түсті, бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Содан кейін әйел Алматыдан көмек сұрады.

«Шымкенттегі ауруханаға барған кезімде көзім 100%-ға көрмеді. Салонның иесі келіп, маған 70 мың теңге беріп, менен қолхат алмақшы болды. Мен олардан көзім 70-80%-ға көргенге дейін маған көмектесуін сұрадым. Олар маған көмектеспейтін айтты. Кеше салонның басшысы осында келіп, дауыс көтере бастады, қолхатты тез жаз, сосын саған 100 мың теңге әкелемін, одан артық ешнәрсе сұрама деді», – деді Гүлшат.

Қазіргі таңда Гүлшаттың жағдайы жақсы. Алайда, дәрігерлер оны әлі де қарап жатыр.

Жәбірленуші салонға арыз беруді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, өзіне татуаж жасаған шебер әлі де жұмысын жалғастырып жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, осындай күйікпен әйелдер әрбір үш айда ауруханаға түседі. Процедурадан кейін көзі мүлдем көрмей қалғандары да болған.

«Емделушіде қабақтың татуаждан кейінгі күйігі болған. Бұл өте қауіпті жағдай. Мұнда уақыт та маңызды. Емделушінің көру қабіетін қаншалықты сақтап қалу мүмкіндігі осыған байланысты», – деді Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институның қабақ ауруы бойынша консультанты Ботагөз Есіргепова.

stan.kz