«Көзі көрмейтін, құлағы естімейтіндерге жағдай жасаймыз»: Сапарбаев президент сайлауына мүгедектердің қатысуы туралы — Қазақстан жаңалықтары

0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Орталық сайлау комиссиясының отырысында мүгедектерге президент сайлауы кезінде қандай жағдайлар жасалатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

 

Сапарабевтың мәліметінше, елімізде 680 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың ішінде балалар мен соттың шешімімен сайлауға қатыспайтын азаматтарды қоспағанда ең кем дегенде 500 мың мүмкіндігі шектеулі азамат президент сайлауында дауыс бере алады. 

«Біз Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын 2015 жылы бекітіп, мақұлдадық. Өзімізге халықаралық міндет алдық және оны орындауымыз керек. Жергілікті билік өкілдерімен бірге құлағы естімейтін, көзі көрмейтін адамдарға көмекшілерінің, сурдоаударамашылардың жандарында болуын қамтамасыз етуіміз керек», — деп мәлімдеді министр. 

Ведомство басшысының айтуынша, жергілікті билік өкілдері волонтерларды, 3-ші, 4-курс оқитын жоғарғы оқу орны студенттерін пайдалану қажет. Әр 9950 сайлау учаскесінде азаматтарға жағдай жасалынуы керек. 

«Былтырдан бастап министрлік жанында интернет-портал жұмыс жасайды. Қазіргі таңда интернет-порталға 30 мыңнан астап көлік, әлеуметтік нысан, оған қосымша 6500 жуық сайлау учаскесі енгізілген. ОСК ұсынып отырған келісімді қолдап, бірігіп жұмыс жасаймыз. Жергілікті билік өкілдерімен бірге барлық қажетті мәліметтерді осы сайлау учаскелеріне, орталық комиссияларға береміз», — деп түйіндеді ол.

 

stan.kz