«Көжегім»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің еркелеткен сәтін еске алды (видео)

0

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайының қалай өзін еркелететінін еске алды. Күйеуі жайлы естелігін Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жариялады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Қайрекем (Қайрат Беркімбаев жұбайы — ред.) «көжегім» деп еркелететін. Көжектің тарихын айтып бергім келіп отыр. Қайрат қатты еркелеткенде «Ой, Құдай-ай, көжегім-ай менің» деп айтатын. Неге қошақаным емес? Неге ботақаным емес? Білмеймін, неге екенін…

Себебі, көжектің көзі бадырайып өмірге деген сүйіспеншілігі, еркелігі, нәзіктігі болғандықтан шығар… Ол да енді естелік», — деді тележүргізуші видеода. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өткен болатын.