Көзді үлкейтіп көрсетудің әдістері |

0

Көптеген қыз көзін үлкен етіп көрсетудің амал-тәсілдерін білгісі келеді. Ол үшін әртүрлі әдістер ойлап табылған. 

1. Кірпікті бұйралайтын қысқаш 

Кірпікті арнайы кішкентай қысқашпен бұйралап, сүрмемен бояңыз. Сонда кірпіктеріңіз көтеріліп, ұзарады. Ал бұл көздің үлкенірек болып көрінуіне көмектеседі. 

2. Ақ бояу 

Қастың астына және көздің ішкі жағына ақ бояу (тени) жағыңыз. 

3. Ақшыл түсті бояулар 

Егер көзді қаралау түсті бояумен боясаңыз, көзіңізді кіші етіп көрсетеді. Ал ақшыл түсті бояу (тени) керісінше, үлкейтеді. 

4. Хайлайтеp 

Хайлайтерді тек көзге емес, жақ пен маңдайға жағу керек. Бұл әдіс бетіңіздің түсін бір тектес әрі сергек етіп, көзіңізді үлкейтеді. 

5. Кірпіктің үстінгі жағын қара подводкамен бояу 

Қара бояумен көзіңіздің үстінгі жағын сызу арқылы көз анығырақ көрінеді. 

6. Ақ немесе ақшыл қарандаш 

Төменгі кірпік өсетін сызықтың бойына ақ немесе ақшыл қарандаш (көзге арналған) жағыңыз. 

7. Жасанды кірпік 

Ұзын кірпіктер көзді үлкейтіп көрсетеді. 

8. Қасты теру 

Қасты дұрыс терсеңіз, қабағыңыз үлкейе түседі. Ал ол көздің үлкен етіп көрінуіне көмектеседі.

Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан 

Дереккөз: http://reactor.inform.kz