«Көзді ашып-жұмғанша»: блогер Елдос Колобок көпті күттірген жаңалығын айтты (ВИДЕО)

0

«Елдос Колобок» атымен танылған блогер Елдос Қадырханов үйленгеніне сегіз жыл толуына орай жарына ерекше тосынсый жасаған. Бұл туралы Kaz.nur.kz хабарлайды.

Блогер Instagram-дағы жеке парақшасында тосынсый жасаған сәтінің видеосын жариялады. Видеода ол жары Таңшолпан Шотаеваны сегіз жыл бұрын алып қашып кеткенін айтады.

«Сөз салғанымда «жоқ» деп айтатын еді. Сол үшін алып қашып кеттім. Қазір енді кеш. Дегенмен бүгін біздің отауласқанымызға 2920 күн болған екен», — дейді блогер жұбайына сыйлығын ұсынып тұрып.

Ал видео астындағы жазбада:

«Біздің отбасымызға – 8 жыл. Уақыт деген аямай, зымырап өтіп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша «Бүгін бізге 80 жыл болыпты» деп отырайық. Бақытты, ұзақ, мәнді, көңілді өмір сүрейікші. Отқа да, суға да қол ұстасып бірге. Жарқын болашаққа кеттік», — деп жазыпты.

Желі қолданушылары блогерлер отбасына жылы лебізін білдірген.

«Бақытты болыңдар!», «Сендердің махаббаттарыңа, әсіресе, Елдостың жұбайына деген кіршіксіз махаббаты мен сезіміне тәнті боламын», «Қандай әдемі, көз қуантады», «Балдай тәтті махаббаттарың мәңгілік болсын!», «Егізден, сегізден үбірлі-шүбірлі болыңдар!».