Козачков отбасы мен халқына жан тебірентерлік хат жазды

0

Нағыз журналистика — ащы шындықты жария ететін дауыс, оны тыңдау өте ауыр, ал қабылдау қиын. Ол заңсыздық пен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдарды ашуландырады. Ондайлар журналистиканың үнін өшіріп, лас істерін әрі қарай жалғастыруға тырысады. Сол бір надан әрекеттерді өзгертуге тырысқандарға қоқан-лоқы көрсетеді. Мен шындықты айтқаным үшін қудалауға ұшырадым. Мен адамдарға қалай және кімдер қудалап, алдап, құқықтарын бұзып, болашағын ұрлап жатқанын айтқаным үшін осындай күйге жеттім.

Мені 52 миллион теңгеге тапсырыс бойынша мақала жазды деп айыптап жатыр. Бұл өтірік. Әбден шіріген қоғамда өмір сүретін адамдар әділетсіздіктен қажыған кезде, өтірік дүниеге оңай сенеді. Мен бұл айыптаулардан қорықпаймын. Бірақ сол 52 миллионды маған тауып әкеліп, көрсетсін. Осының барлығы халықтың алдында сот барысында қалай дәлелденетінін көрейін.

Лалечка, сүйіктім
Білем, саған жарытып жақсы күйеу бола алмадым. Бірақ сен мен үшін мінсіз әйелсің. Әдемі және ақылды ғана емес, өте батыр әйелсің. Менің жоқтығымды білдіртпей, балаларды тәрбиелей алатыныңа сенімдімін.

Дэвид, ұлым.
Бірге әлем чемпионатының финалын көре алмадық, өкінішті. Бірақ сен жақсы көретін Мессидің жеңгеніне қуаныштымын. Анаңды тыңда.

Куся, қызым.
Сен қазір бойжеттің, анаңа көмектесіп жүр. Дэвидті себепсіз ұрма.

Мамулик
Кешіріңіз, мен үшін басыңыз дау мен мәселеден арылмады. Өзіңізге қарап жүріңіз, уайымдама, мен де барлығы жақсы.

Женя, Мария, Гуля.
Анамның жанында болыңыздар.

Сан, Диас, Малик, Игорь, Асқар.
Сіздер менің туыстарымды қолдаусыз қалдырмайтындарыңызды білемін.

Егер мен жеке біреудің реніші үшін айыпталсам, бірақ кейін жағдай өзгерсе, мен осының барлығына көнемін.

Хаттар мен кітаптар күтемін!»

Михаил Козачков 19.12.2022 (хаттың соңы).

фото: ашық ақпарат көздерінен