«Көз-қиығынан-ақ түсінді»: Мақпал Жүнісованың қызына жасаған ескертуі көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

0

Оқиғаның тойлардың бірінде болғанын видеодан байқауға болады

Белгілі әнші Мақпал Жүнісованың той үстінде қызына айтқан ақылы жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода әнші мен қызының тойда ән айтып, би билеп жүргенін, сонда Мақпал Жүнісованың қызы Мерейге киіміне қатысты ескерту жасағанын байқауға болады.

Желі қолданушылары әншінің бұл ескертуіне қатысты түрлі пікір білдірді.

«Қызыңыз қандай тәрбиелі, көз-қиығыңыздан ақ түсініп, кеудесін түймелеп жатыр», «Айтқызбай-ақ түсінген ақылынан», «Мақпалдың қызы да өзі сияқты сондай сүйкімді, сондай инабатты бойжеткен болып өсіпті», «Мақпал апай керемет жансыз, қызыңыз да инабатты әдепті қыз», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Мерей анасы Мақпал Жүнісовадан қалай қорқатынын айтып, жұртты күлкіге қарық қылғаны хабарланған болатын.