Костенко шахтасынан 42 кеншінің денесі табылды

0

Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Костенко шахтасынан 42 адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

 Аварияны жою жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы — Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Өрт және кеншілердің қаза болған жерлерді тексеру жүргізілді.

Аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіруде. Ең қауіпсіз және кеншілер болуы мүмкін ықтимал учаскелер бойынша тау-кен құтқарушыларының өту жолдары пысықталуда.

Іздестіру жұмыстары шамамен бір-бірінен 4 шақырым қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің ауданында жүргізілуде.

фото: Depositphotos