Косметолог кеңес береді: Жас болып көрінудің қандай құпиясы бар?

0

Евгения Драгунская – 25 жылдық тәжірибесі бар дермакосметолог дәрігер әрі «Косметологпен ашық әңгіме» кітабының авторы. Ол қазір Instagram желісінде блог жүргізеді. Онда әйел адамдарды мазалайтын мәселелердің алдын алу жолдары туралы айтып, әдемілік пен жас болып көрінудің құпиясымен бөліседі.

Терідегі мәселелердің көбі тамаққа байланысты болады

Терідегі мәселелер дұрыс тамақтанбағаннан болады. Ағзаңызға қажетті тағамның жетпеуінен немесе бір нәрсені артығымен тұтынғаннан теріде қиындықтар пайда болатынын біліңіз.

– Терінің құрғауы цинктің, E және D дәрумендерінің жетіспеуінен немесе гипотиреоза жағдайынан болып жатады.

– Ерте қартаю холестериннің төмен, ферритиннің жоғары мөлшері мен триглицеридтің жетіспеуінен болады. Триглицеридтер – ағзадағы маңызды энергия көзі болып табылатын майлар.

– Беттің ылғи қызарып тұруы. Ол неден болады? Демодекоз – шекер мен глютенді жиі қолданғанның нәтижесі. Розацеа – сүт тағамдары мен алкогольге, және глютенге жіңішке ішектің қарсы реакциясы.

– Беттегі безеулер – сүт тағамдарын артық қолданғанның әсері.

Бір тағамды ғана қажетсіну не үшін туындайды?

Евгения адамдардан «Мен шоколадты, ірімшікті, етті жемесем болмайды» деген сөздерді жиі еститінін айтады. Оның себебі – ағзаға кейбір заттың жетіспеуінен. Мысалы:

– Шоколадты қажетсіну – магнийдің жетіспеуі;

– Тұзды немесе ащы нәрсені жегісі келу – серотониннің жетіспеуі, қан қысымының түсуі;

– Кейбір иістерді ұнатпау – темір мен цинктің жетіспеуі;

– Егер адам шұжық немесе ірімшіксіз өмір сүре алмаймын десе, бұл – эмоционалдық ауытқудың белгісі. Олар психологтың көмегіне жүгінуі керек.

Косметолог кеңесін алу үшін анализ тапсыру міндетті. Өйткені олар ағзаның қандай жағдайда тұрғанын анықтауы керек.

Көздің астындағы қара дақ

Бұл дақ – суды жақсы көретін майлардың жиынтығы. Егер ол сіздің бетіңізде болса:

– Ұйықтауға 3 сағат қалғанда қабаққа арналған крем жағыңыз. Негізінде таңертеңнен бастап қолданған дұрыс. Оны қалың қылып көздің астына жағып, 10 минуттан соң сүртіп тастау керек.

– Ақуызы бар және тұзды тағамдарды түнде жемеңіз. Негізінде ұйықтауға 4 сағат қалғанда тамақ жеуді тоқтатқан жөн.

– Бұл дақпен жүрген сізге ыңғайсыз болса, оны алдырып тастауға да болады. Бұл мәселе туралы пластикалық ота жасайтын хирургпен ақылдасқан дұрыс.

Қияр мен картопты бөлшектеп, көзіңізге қоятын болсаңыз, бұл әдістің көмектеспейтінін біліңіз. Көздің астындағы дақты кетіремін деп ол жердегі теріні құрғатып алуыңыз мүмкін. Ал салондағы процедуралардың әсері тез басылады.