«Көшіп келем деушілерге есік ашық»: Сағынтаев Қазақстанға ЕАЭО дарындарын шақырды

0

Күні бүгін Алматыда ЕАЭО елдерінің цифрлік экономикасына арналған форум ашылды. Оған қатысу үшін оңтүстік астанаға Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев арнайы ұшып келді. Жиын барысында Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Премьер-министр былтыр Қазақстан инновациялары орталығы «Астана хабының» ресми түрде ашылғанына тоқталып өтті.

«Өткен жылы біз тек қана ұйымдастырушылық-технологиялық жайттарды дайындап қоймай, заңнаманы да өзгерттік. Бізге қажет болған өзгерістердің барлығын парламентпен қабылданды.

Қарашаның басында жоба іске асты. Оны іске қосқан соң, ары қарай не болады деп ойлайсың. Біз уақыт өте келе жағдайдың қалай өрбитініне қатты алаңдадық.

Біз «Астана хабының» кеңістігі толығымен қамтылады деп ойлаған да жоқпыз. Біз мұндай қызығушылық тудыратынымызды білмедік» , — деді Сағынтаев.

Оған қоса, ол қазіргі таңда бар күшін салып, расында да маңызды дүние жасай алатын дарынды жастардың қажет екенін айтты.

«Біз жобаны іске қосып жатқанда, бізде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Белорусиядан достарымыз жұмыс істеді. Сол кезде біз аса ірі бизнес пен түрлі салада тапсырыс жасайтын Nokia, IBM, Cisco сияқты компанияларсыз оның жүзеге асыру мүмкін емесін білдік» , — деді премьер-министр жиын барысында.

Сағынтаевтың сөзінше, дарындарды сақтап қалу және бәсекелестік қашанда аса маңызды болып саналмақ.

«Біз ЖТП-мен тығыз жұмыс істедік. Біз Ресей Федерациясының «Сколковосы» , Бішкек және Қазанмен де етене қызмет атқарып жатырмыз.

Тұрып жатқан мекенін ауыстырғысы келетін жалынды жастар әрбір елде бар. Егер көшіп келем деушілер болса, есігіміз ашық. Тұрғын үй кеңсенің дәл қасында орналасқан. Гранттар да қарастырылған.

Капиталды тарту мен заңмаға өзгерту енгізу де болады. Бар болғаны өз миоарыңды алып келіңдер» , — деді ол.

Сонымен қатар, үкімет басшысы бүгін Қазақстан бәсекелестіктен қорықпайтынын айтты. Оның сөінше, ол керісінше алға ұмтылуға мүмкіндік береді.

«Бүгін біз бәсекелестіктен қорықпаймыз. Бұл керісінше, бізге күшімізді жұмылдыра ары қарай дамуға үлес қоспақ. Бізге стартапермен жұмыс істеуге бейім адамдар керек. Алматыда ИТ- технологиялар университеті бар. Енді «Астана хабының» маңынан тағы жаңа ИТ-университет ашылмақ.

Мектептегі оқыту жүйесіне өзгерту енгіземіз. Бұған дейін информатика 7-ші сыныптан басталса, енді үшінші сыныптан бастап енгізілетін болады» , — деді премьер-министр.

Дереккөз: kaz.nur.kz