«Көшербаевтың күйеубаласы үшін түрмеге отырғым келмейді»
Nege.kz порталында «Орсәриевтің крышасы Көшербаев па?» деп аталатын мақала жарияланған. Онда Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы хатшысы Арын Орсәриевтің көмекшісі Нұрлан Күдеровтің басындағы жағдай сөз болған.
«Орсәриевтің іс-әрекеті үшін мені жазаламақ. Қашаннан бері басшылар үшін көмекшілер жаза арқалайтын болған? Арын Орсәриев – Қырымбек Көшербаевтың күйеубаласы, ол жазадан құтылып кетуі мүмкін», – дейді Н.Күдеров.
Н.Күдеров Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа жолдаған арызын біздің редакцияға да жіберіпті.